Бүгін футболдан Қазақстан мен Словения құрамалары кездеседі

Бүгiн, 16:01 189

13 қазан күні футболдан Қазақстан мен Словения ұлттық құрамалары Ұлттар лигасының топтық кезеңінің төртінші турында ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді және Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Ойынды Qazsport тікелей эфирде көрсетеді.

Командалардың Люблянадағы алғашқы ойыны 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталған еді.

Ұлттар лигасының В дивизионының 3 тобында 7 ұпаймен Норвегия көш бастап тұр. Одан кейін Австрия (4), Словения (4) және Қазақстан (1) келеді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: