Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн суытады

10 Қаңтар, 08:19 656

Бүгін еліміздің 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап. 

Ауа райының өзгеруіне байланысты Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында боран және көктайғақ, Маңғыстау облысында да көктайғақ болуы ықтималдығы болжанып, ескерту жарияланды. 

Ал Абай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында бұрқасын, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаяу бұрқасын болуы болжануда.

10 қаңтар күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қалың қар жауады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, Жетісу, Түркістан облыстарында жел тұратыны айтылды. 

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде түнде қар жауып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын, бұрқасын болуы мүмкін. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында қалың қар жауатыны ескертілді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: