Бүгін елімізде Құтқарушылар күні

Бүгiн, 09:03 120

19 қазан – Құтқарушылар күні. 1995 жылы құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін елімізде кәсіби апаттық-құтқару қызметі болмаған еді. Адамдарды, қоғамды апаттық жағдайдан құтқару жұмыстарын көбіне қоғамдық ұйымдар, құтқару бекеттері атқарып келді. Бұл қызметтің бір бөлігі милицияға жүктелді.

Міне, осындай мемлекеттік маңызы бар қызмет жүйесін жасау үшін 1995 жылы тұңғыш президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді.

Қазақстан Республикасында дәстүрлі түрде құтқарушылар күні мерекелік іс-шараларды өткізу, төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің әртүрлі қызметтерінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттау, борышты атқару кезінде қаза тапқан жолдастарына ескерткіштер мен обелисктерге гүл қоюмен атап өтіледі. Бұл күні өрт сөндіру-құтқару спорты, сондай-ақ басқа да спорт түрлері бойынша әртүрлі өрт сөндіру бөлімдерінің немесе азаматтық қорғаныс қызметтерінің өкілдері арасында әртүрлі турнирлер өткізіледі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: