Бүгін елімізде Құрылысшылар күні

11 Тамыз, 09:34 766

Бүгін құрылыс саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрылысшылар күні тамыздың екінші жексенбісінде атап өтіледі.

1955 жылы 6 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Құрылысшылар күнін" белгілеу туралы жарлығы шықты. Алғаш рет бұл саланың қызметкерлері мерекені 1956 жылы 12 тамызда атап өтті. 

Құрылыс саласы - ел экономикасының маңызды секторларының бірі. Сәулетшілер, инженерлер мен дизайнерлер, сырлаушы - сылақшылар мен әрлеушілер, бетоншылар мен тас қалаушылар - қазіргі уақытта 53 мың компанияда шамамен 648 мың маман жұмыс істейді. 

Қазір су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда құрылысшының еңбегі ерекше сұранысқа ие. Кейде олар баспанасынан айырылған азаматтар тезірек жаңа үйлеріне көшуі үшін тәулік бойы, бірнеше ауысыммен жұмыс істейді. 

Құрылыс саласының барлық қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: