Бүгін елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

5 Қыркүйек 2023, 08:20 1040

Қазгидромет ел аумағында 5 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы көбіне жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республика бойынша найзағай, екпінді жел, бұршақ жауады. Оолтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі бар, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жоғарғы өрт қаупі күтіледі, - деп мәлімдеді синоптиктер.

Берік Арманов
Бөлісу: