Бүгін екі өңірде мектеп оқушылары үйден оқиды

16 Қаңтар 2023, 09:00 1417

Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде мектептер онлайн білім беруге ауыстырылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Абай облысында Семей қаласында, Бесқарай ауданында 1-9 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды. Аягөз ауданының 1-4 сынып оқушылары да онлайн форматқа көшіріледі. Өңірдің қалған аудандарында сабақ штаттық форматта өтеді.

Павлодар облысының Екібастұз қаласында барлық мектептер қашықтан білім беруге ауыстырылды.

EL.KZ
Бөлісу: