Бүгін «Дикий Арманға» қатысты сот үкімі шығады

27 Қаңтар, 10:01 681

Бүгін көпшілік арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал болып кеткен Арман Жұмагелдиев пен оның серіктестерінің қаңтар оқиғасы кезінде әрекеттеріне байланысты сот үкімі шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ZTB NEWS телеграм-арнасының жазуынша, осы іске қатысы бар деп 44 адам айыпталған.
Сот процесі 2023 жылдың 6 қыркүйегінде басталған еді. Қазіргі кезде  44 айыпталушының 25-і тергеу изоляторында (ТІ) ұсталып отыр, қалғандары — үйқамақта,

Негізгі айыпталушылардың қатарында:

Бұрынғы депутат әрі кәсіпкер Қайрат Құдайберген, журналист Бердах Бердімұрат және тағы 17 адам Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің түзету мекемесінде (бұрынғы СИ-18) қамауда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: