Бүгін, 31 шілдеде еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, тек Алматы, Атырау, Ақтөбе, Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.