Бүгін бірнеше өңірде қар жауады

18 Қараша 2023, 09:17 855

Синоптиктер 18 қарашада республиканың 15 өңірінде тұман түсіп, нөсер жаңбыр мен қар жауатынын және көктайғақ болатынын ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында кей уақытта 30 м/с және одан да аса күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында (Петропавл) жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында кей уақытта 30 м/с және одан да аса күтіледі.

Ақтөбе облысының орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтітелі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Асқар Таудай
Бөлісу: