20 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бас директоры Владимир Яблонский қаза болған әріптес-кеншілердің отбасылары, туған-туыстары мен жақындарына ұжым атынан көңіл айтып, 20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да қаралы күн болып жарияланғанын мәлімдеді.
Бұл отбасылар мен біз үшін орны толмас қаза және үлкен қайғы. Көз жұмған әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек және қолдау көрсететін боламыз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерлерге жан-жақты қамқорлық пен сауықтыруда көмек көрсетіледі. Компания апат себебін анықтау үшін және алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауына бар күш-жігерін салады», - деді бас директор өз сөзінде.