Бұған таулы аймақтарда жауын-шашынның көп түсуі себеп болып отыр

23 Қараша 2022, 07:30 6296

Бұған таулы аймақтарда жауын-шашынның көп түсуі себеп болып отыр

Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды El.kz Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.  

«Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақтарда жауын-шашынның түсуіне байланысты, сондай-ақ 22-25 қараша (сейсенбі-жұма) аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүру қауіпі бар екенін хабарлайды. Осыған байланысты ТЖД таудың қарлы беткейлеріне шығуға кеңес бермейді», - делінген хабарламада.  

ТЖД бірнеше кеңес ұсынып отыр.  Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауылдық ескерту жарияланған жағдайда таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс. Егер тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз. Тау бөктерінде қардың жылжуын байқасаңыз, онда тауға шықпағаныңыз жөн: бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкін қаупі бар екенін білдіреді. Үйге қайтуды кеш қалдырмаңыз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін. Рюкзакта мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

EL.KZ
Бөлісу: