Бұдан былай табысы жоғары азаматтар көбірек салық төлеуі мүмкін

9 Сәуір, 11:17 346

Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елде жылдық табысы 8 500 АЕК-тен (шамамен 33,4 млн теңге) асатын азаматтар үшін жоғары мөлшерлемелі жеке табыс салығын енгізу ұсынылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы министр Мәжілістің жалпы отырысында айтты:

Сонымен қатар сіздердің қарауларыңызға салық жүйесін трансформациялауға бағытталған бірқатар түзетуді ұсынып отырмыз. Маңызды бастамалардың бірі – жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесін енгізу. Мәселен, жылдық табысы 8 500 АЕК-тен асатын қызметкерлер үшін 15% мөлшерлеме белгілеу ұсынылады. Бұл жоғары табысы бар азаматтарға қосымша салық салу тетігін қалыптастырады.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда салықтан босатылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістерге алдағы уақытта 10% мөлшерлемемен корпоративтік табыс салығы салу жоспарланып отыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: