12 Сәуір 2016, 03:13
ҰБТ алдында өзіңізбен минералды су алыңыз. Өйткені күйзеліс кезінде адам ағзасына су жетіспейді.
Миыңыздың оң және сол жақ бөліктері жақсы жұмыс атқарсын десеңіз жаттығу жасаңыз. Орныңызда тұрып екі тізеңізді кезек-кезек көтеріп, оң тізеңізге — сол жақ шынтағыңызды, сәйкесінше сол жақ тізеңізге — оң жақ шынтағыңызды тигізіңіз.
Адам есінеген кезде ми бөлігіне өте алмай тұрған қан дереу жылжып, мидың префронтальды қабағына оттегі келеді. Бұл - мидың шешім қабылдау, ойластыру, ұйымдастыру қызметіне жауап беретін бөлігі. Сондықтан тестілеу кезінде 3-4 рет есінеп алыңыз.
Терең дем алып, ауаны асықпай шығарып және асықпай дем жинап, оны тез шығарыңыз. Бұл жаттығу қан қысымын қалпына келтіреді.
Тест тапсыру кезінде тапсырмаға назар аудару қиындап кетсе — құлағыңыздың астыңғы бөлігін (сырғалық) 2-3 минут уқалаңыз. Нәтижесін бірден байқайсыз!
Алмас САУДАНБАЙ