ҰБТ-ға бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі

9 Қыркүйек 2022, 14:13 1811

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ тапсырмаларының құрылымына маңызды өзгеріс енгізілетінін, жауаптардың саны қысқаратынын хабарлады.

Сонымен, бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларда нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін азаяды.

Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларындағы жауаптар саны 8-ден 6-ға дейін қысқарады.

Бұдан басқа, 2022-2023 оқу жылынан бастап IT мамандықтарына түсетін талапкерлер үшін ҰБТ-ның бейінді пәндер құрамаларының тізбесіне информатика пәні енгізіледі.

Руслан Мухамадеев
Бөлісу: