Британияда медбике жеті нәрестені өлтіргені үшін сотталды

20 Тамыз 2023, 19:33 1098

Британдық медбике 7 нәрестені өлтіргені және тағы алтауына қастандық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметтері бойынша, Манчестердегі аурухананың неонатальді бөлімшесінің 33 жастағы медбикесі балалардың қан тамырларына шприц арқылы ауа жіберген. Сонымен қатар оның түтік арқылы сәбилерді артық тамақтандырғаны анықталды.

Дегенмен медбикенің өзі сотта кінәсін мойындаған жоқ. Оның адвокаты да нәрестелердің денсаулығының күрт нашарлауы мен өлімі табиғи себептерге байланысты болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Берік Арманов
Бөлісу: