Брендтер соғысы

19 Қыркүйек 2014, 10:18

Брендтер соғысы туралы

16 қыркүйек күні Tele2 өзінің нарықтағы бәсекелесі Kcell үстінен әзілдеп, оларды4 жарнамалық билборды қасына өздерінің жарнамалық материалын іліп қойды. Tele2-нің сағат 16:00-де ілінген билбордын сағат 20:00 шамасында белгісіз біреулер алып тастады. Сонымен қатар Kcell компаниясы қарсы тарапты сотқа беретіндігін мәлімдеді. Оқиға туралы жаңалық Интернетте тез арада таралып кетті. Біріне бірі осылай әзілдесу Қазақстан үшін таңсық. Бұл үрдіс Қазақстанға енді келіп жатыр. Танымал компаниялар бәсекелестерін жарнама арқылы “түйреп өту” тәсілдерін жиі пайдаланып жатады. Кейбір компаниялар жарнамалық кампанияларын әдейі қарсыластарына бағыттап жасап жатады. Жарнама арты сотқа да әкеліп жатады, сол себепті жарнама жасау бюджетіне айыппұлдардың да қаржысын алдын ала қосып жатады. Осы ретте, әлемдік брендтердің сәтті үлгілерін тамашалайық. 

© Данияр Мустафинов

Принтте BMW компаниясы Audi-ді «Оңтүстік Африкадағы 2006 жыл көлігі» атағы алуын «Әлемнің 2006 жыл көлігі» атағының иегері атынан құттықтады. Audi ұзақ күтпей жауап берді. Қарсы постерде «Әлемнің 2006 жыл көлігі» BMW-ны «Ла Манш 24 сағат (2000-2006)» жарысының 6 дүркін жеңімпазы құттықтайды деп жазды. 

Бірақ бәсекелестер атауларын тек постерде ғана емес, видео жарнамада да жиі пайдаланып жатады. Audi түсірген жарнамада өзінің бәсекелестеріне тие отырып, компания көліктерінің негізгі төрт қасиетін көрермендерге таныстырады.

 

Ал 2009 жылы Калифорния штатындағы Санта-Моника қаласында Audi A4 көлігі бейнеленген суретте «BMW, сенің кезегің» деген сөздер бар провокациялық жарнама пайда болды. 

Бірнеше апта көлемінде BMW да жауап берді. Көшенің қарсы жағында орналастырылған билбордта «Шах және мат» сөзі жазылған компания көлігі бейнеленді. 

Брендтер соғысынан басқа да компаниялар қалыс қалмады. Ендігі кезекте BMW Mercedes-ке қарсы шабуылдады. 

Mercedes-те шет қалмай, мынадай креативті жарнама жасап шығарды:

Әлемдік жарнамалық нарықта брендтердің өзара жарысы әдетті нәрсе. Тұтынушылар мен компания өкілдері тарапынан әр түрлі қабылданады. Бір мезетте осындай жарнама вирустық қасиетке ие болып, Интернет кеңістігіне кеңінен таралып кетеді. 

 Samsung: «Жаңа Galaxy-ге дайын бол». LG: «Optimus G дәл қазір осында»

Кадрда көрсетілетін спортшы Nike-тің аяқ-киімін киіп алғанымен де, бұл бейне-роликті Adidas түсірген.

BMW компаниясы қарсыластары көліктерінің кемшіліктерін жиі атап көрсетеді

Бөлісу: