Бренд атауларын біліп жүріңіздер

19 Маусым 2014, 06:22

Қазір әлемде түрлі брендке айналған атаулар бар. Соны біле жүру үшін!

Қазір әлемде түрлі брендке айналған атаулар бар. Соны біле жүру үшін!

Яндекс -  Yet Another Indexer атауынан пайда болған. (Тағы бір индексатор)

Adidas – аталмыш компанияның негізін қалаушы Ади (Адольф) Даслердің құрметіне қойылған.

Adobe – компанияның негізін қалаған Джон Ворноктың үйі алдында ағып жатқан Adobe Creek өзенінің құрметіне аталған.

Apple – Стив Джобс жақсы көрген алманың есіміне байланысты қойған.

Google  – «Googol» сөзінен атау алған. (100 нөлдік бірлік мағынасында)

LG – «Lucky» және «Goldstar» атты екі Кореялық брендтің бастапқы әріптерінен құрылған.

Nike – Грекилық Ники құдайының құрметіне қойылған. Ағылшынша «найк» деп оқылғандықтан солай аталып кеткен.

Nokia – Ежелгі ағаш өндіруші завод орналасқан қаланың атына байланысты қойылған деседі.

Samsung – Коей тілінен аударғанда – «Үш жұлдыз» деген мағынаны білдіреді.

KFC – «Kentucky Fried Chicken» (Кентуккидің қуырылған балапаны) атауына құрылған.

Mitsubishi – Жапон тілінен аударғанда «Үш ромб» деген мағынаны білдіреді екен. «Mitsubishi» логтипінде дәл сол «үш ромб» бейнеленген.

Nestle – компанияның негізін қалаушы Хенри Нестле есімді кісінің тегіне байланысты қойлылған. «Nestle» сөзі неміс тілінен аударғанда «Құс ұясы» деген мағынаны береді екен. Шоколад сыртындағы «Құс ұясының» суреті – сол тарихты көрсетеді.

Nikon – Жапон тілінен аударғанда «Жапондық оптика» деген атауды көрсетеді.

Skype – алғашында «Sky-peer-to-peer» ретінде қолданылып, кейінірек «Skype» атауына өзгерген.

Xerox – бұл гректің «xeros»(тазалау) және «graphos»(жазу) сөздеріне байланысты аталған.

Mersedes – әйгілі компанияның негізін қалаған кісінің өз қызы Мерседес Йелльнектің құрметіне қойған.

Johnson&Johnson – компания атауы ағайынды Джеймс және Эдвард Джонсонстардың тегіне байланысты аталған. Олар әйгілі косметикалық компанияны 1885 жылы құрды.

Lego – дат тілінен алғанда «жақсы ойнау»деген мәнді білдіреді.  Атақты компанияның тұсаукесері болмай тұрып алдын автор ағаштан ойыншықтар жасаған.

Yahoo -  Бұл сөзді «Путешествия Гулливера» кітабында Джонатан Свифт алғаш болып жазған екен. Компанияны бастап жүрген Джери Янг пен Дэвид Фило өздерін «yahoo» атаған. Сол себепті, компанияны да солай атап кеткен. Бірақ қазір атауды көбінесе «Yet Another Hierarc» деп ашып жүр.

HP (Hewlett-Packard) -  компанияны бастаған Билл Хьюлетт пен Дэйв Паккард бренд атауында бірінші кімнің есімі тұратындығын тиын тастау арқылы шешкен. Жеребелерінің нәтижесінде Билл Хьюлетт жеңіске жетіп атауы солай өзгертілген .

Reebok -  Кішкентай және шапшаң қозғалатын африкандық антилопа атымен берілген.

Бөлісу: