Бразилияда Оропуш қызбасынан екі адам көз жұмды

26 Шілде, 14:17 462

Бразилияда екі қыз Оропуш қызбасынан қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«РИА Новости» мәліметінше, бұл әлемдегі алғашқы жағдай. Ал әйелдердің жасы 30-ға да толмаған.

Қайтыс болған әйелдер 30-ға толмаған, Баия штатының ішкі аудандарында тұрады. Басқа ешқандай сырқаты болмаған. Тек денге қызбасының асқынған түріне ұқсас симптомдар анықталған, - делінген Бразилия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

Бұған әлемдік ғылыми әдебиетте бұл аурудан қайтыс болған жайттар тіркелмеген. Қазіргі уақытта осы дерттен көз жұмған болуы мүмкін деген күдікпен тағы жайт тексеріліп жатыр.

2024 жылы Бразилияда Оропуш қызбасын жұқтырудың 7 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Бұл індет туралы ДДСҰ 2020 жылы мәлімдеген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: