Бразилия – футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионы

Бүгiн, 03:26 137

Футзалдан Өзбекстанда өткен әлем чемпионатының ақтық кезеңінде Бразилия мен Аргентина кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде алдымен Бразилия екі гол (Феррао 6, Рафа 13-минутта) соқты. Ал 39-минутта аргентиналық Матиас Роза есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен есепті теңестіруге мүмкіндігі болған жоқ.

Осылайша, Бразилия Аргентинадан 2:1 есебімен басым түсіп, алты дүркін әлем чемпионы атанды.

Бразилия бұған дейін 1989, 1992, 1996, 2008, 2012 жылдары жеңіс тұғырына көтерілген еді.

Зарина Арман
Бөлісу: