Браконьерлерден 26 қорап киік мүйізі тәркіленді

29 Шілде 2022, 19:12 1443

Бұл туралы Oрман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен мәлім етті

Алматы облысы аумағынан 3 броконьер ұсталды, деп хабарлайды El.kz

«28 шілде күні сағат 15:06 шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, ұлттық қауіпсіздік комитет және «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы, Іле ауданының аумағында 3 браконьерді ұстады. Олар: БҚО, Алматы облысы және Қытай халық республикасының (ҚХР) тумасы. Тексеру барысында 2 284 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді», - деген ақпарат таратылды комитеттен.

Хабарламада айтылғандай броконьерлер киік мүйіздерін 26 қорапқа бөліп салған.

Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бөлісу: