Браконьерлерден 13 қап киік мүйізі тәркіленді

27 Шілде 2022, 04:21 3204

Ұсталғандар Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты.

Полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қызыл кітапқа енген жануардың мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz.

Ұсталғандар Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты.

– Ұсталғандардың бірі тізгіндеген Toyota маркалы көлігінің салонынан Қызыл кітапқа енген жануардың мүйізі толы 13 қап табылып, тәркіленді. Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша тергеу басталды, - деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Тергеу амалдары қолға алынды.

Бөлісу: