БҚО тұрғыны террористік ұйымдарға үгіт-насихат жасаған

27 Қыркүйек 2023, 18:22 788

27 қыркүйекте ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деп күдіктелуде.

Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын.

Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: