БҚО құтқарушылары 33 өрт сөндіру және қосалқы техникаға ие болды

3 Қаңтар, 21:08 737

Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары жаңа техникаларға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, өңір басшысы Нариман Төреғалиев Төтенше  жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына салтанатты түрде жаңа техникалардың кілті мен құрал-жабдықтарын табыс етті.

Оқи отырыңыз:

Төтенше жағдайларға шұғыл әрекет ету, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында облыстық ТЖД бөлімшелері жергілікті бюджеттен 33 өрт сөндіру, авариялық-құтқару, қосалқы техника және 908 құрал-жабдық сатып алды.

Перизат Саденова
Бөлісу: