БҚО полицейлері кәдесыйға арналған "долларды" ұрлаған адамды ұстады

6 Қаңтар, 09:10 788

Ер адам тек дүкеннің бейнебақылау камераларына ғана емес, Бөрлі ауданының Жедел басқару орталығы камераларына да түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Камераға ер адам оқиға орнынан көлікке мініп кеткен жері түсіп қалса керек. Жедел қызметкерлерге қаскүнемді табу қиынға соққан жоқ. Ұрының Ақсай қаласының тұрғыны екені анықталды. Ұрланған "доллар" оның пәтерінен табылды.

Жауап алу кезінде оған таныстарының бірі дүкен иесінің долларды дүкенде сақтайтынын жеткізді. Танысының айтқанына сенген ол тез байып кетудің қамымен осындай әрекетке барған.

Аталған факті бойынша БҚО ПД Бөрлі ауданы Пб-мен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Жансая Әділбек
Бөлісу: