БҚО-на еліміздің 14 өңірінен қосымша күш-құралдар келді

20 Сәуір, 11:46 1262

БҚО-да жағдай күрделі болуына байланысты өңірде 20 күн бұрын төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Орал қаласы мен 4 ауданда су басу қаупі сақталады. Еріген қар суынан төнген қауіп сейілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алайда Жайық өзеніндегі су деңгейі қарқынды көтеріліп жатыр. Соңғы тәулікте су деңгейі 34 см-ге дейін көтерілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Төлеуіш Нұржан ОКҚ брифингінде хабарлады.

Жайықтың деңгейі 8 м 24 см-ді құрап отыр. Ал, оның қауіпті деңгейі 8 м 50 см. Қауіпті межеге жетіп қалдық. Сол себепті облыс бойынша Жайық жағасын көтеру, нығайту, дамбаларды қою, қапшық толтыру, төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 14 өңірден қосымша күш-құралдар келіп жетті. Барлық жұмысқа 10 519 адам, 1784 бірлік техника, 212 су тарту құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді спикер.

24-25-сәуірде Шаған өзенінде су шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Облыстың 9 ауданы жол-көлік қатынасынсыз қалып тұр. Соңғы тәуілкте 38 адам эвакуацияланды. Мектептер мен колледж студенттері қашықтан оқып жатыр. Жатақханалар эвакуациялық пунктерге берілді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: