Жол апаты 24 ақпан күні сағат 10:30-да болған. Бұл туралы «Мой город» сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Жәнібек ауданының маңында – Қазталовка – Өнеге – Жәнібек тас жолында болған.
Ford Focus жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан. Салдарынан үш адам қаза тапты. Олар: Ford Focus жүргізушісі, Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен жолаушысы, – делінген мәліметте.
Сонымен қатар Ford Focus-та болған төрт жолаушы зардап шеккен.