БҚО-да желден балабақшаның шатыры ұшып кетті

10 Шілде 2023, 02:40 581

Батыс Қазақстан облысында күшті жел балабақшаның шатырын жұлып түсірді. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 шілде күні кешке қарай Казталов ауданы Қошанкөл ауылында болды.

Сағат 17:45-те екпіні секундына 16 метрге дейін жеткен қатты жел қос қабатты «Қарлығаш» балабақша ғимаратының 320 шаршы метр шатырын ұшырып әкеткен. Бұл туралы сағат 18.50-де хабар түскен. 1984 жылы салынған ғимараттың жалпы ауданы – 381 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ. Арнайы комиссия құрылып, келтірілген шығын анықталу үстінде, - деп хабарлады ведомстводан.

Перизат Саденова
Бөлісу: