БҚО-да жедел жәрдем мен патрульдік көлік соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 28 қыркүйекте сағат 13:30-да екінші саяжай маңындағы Самара-Шымкент тас жолында орын алған.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Полицияның хабарлауынша, жол апатына жедел жәрдем көлігі кінәлі болуы мүмкін. Апаттың басқа жағдайлары анықталып жатыр.