БҚО-да "Таза Қазақстан" акциясы аясында коммуналдық қызметкерлерге қолдау көрсетілді

Бүгiн, 00:29 143

Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акции аясында «Жанға жылу» қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл игі бастама аясында орталық мамандары Аралтал шағынаудаданы көшелерді қардан тазартып жүрген кіші қызметкерлерге құрмет көрсетіп, оларды ыстық шай мен бауырсақпен қуанты.

Қыс мезгілінде қаланың тазалығы үшін күннің суығына қарамастан еңбектеніп жүрген коммуналдық қызметкерлерге алғыс білдіру махсатында өткізілген бұл шара ел ішіндегі қайырымдылық пен жанашырлықтың жарқын үлгісі болды. Шара барысында жастар белсенділеры еңбек адамдарының жұмысына құрмет білдіріп, олардың күнделікті қызметінің қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Аралтал шағынауданында көшелерді қардан тазалап жүрген қызметкерлер үшін бұл күтпеген сый болды. Олар өздеріне көрсетілген құрмет пен ықыласқа ризашылықтарын білдіріп, осындай игі шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Жастар ресурсық орталығы алдағы уақытта да осындай бастамаларды жалғастырып, қоғамдағы түрлі сала мамандарына құрмет көрсету шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Акция «Жанға жылу» – тек бір реттік шара емес, адамдардың бір-биріне деген қамқорлығын арттыратын игі дестүрге айналмақ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: