БҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында 48 мыңнан астам ағаш отырғызылды

9 Қыркүйек, 15:32 441

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысында 48 мыңнан астам ағаш отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экологиялық акция аясында 1221 әлеуметтік объектінің аумақтары, 3 мыңнан астам өнеркәсіптік объектінің аумақтары және 621 тарихи-мәдени ескерткіштер аумағы тазартылды. 52 мың тонна тұрмыстық қалдықты шығаруға 1302 техника бірлігі жұмылдырылып, арнайы полигондарға жеткізілді.

Айта кетейік, көктемде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған еді. Акцияның мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: