БҚО-да су тасқынынан кейін дезинфекциялау жұмыстары толықтай жүргізілді

14 Шілде, 01:22 583

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен Бәйтерек, Қаратөбе, Бөрлі, Теректі, Сырым аудандарында және Орал қаласындағы саяжайларда дезинфекция жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Нәтижесінде су тасқыны болған 7 мыңға жуық нысанға, оның ішінде тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарға, су құбырларына дезинфекция жүргізілді.

Кейін су құбырларынан ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау жүргізілді. Нәтижелер нормативке сәйкес келді.

Төтенше жағдайлар мамандарымен қатар, дезинфекция жұмыстарын жүргізуге Жамбыл мен Ақтөбе облыстарынан келген әскери мамандар көмектесті.

Перизат Саденова
Бөлісу: