Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО Қаратөбе ауданында Қаратөбе ауылынан 2 шақырым жерде жергілікті маңызы бар «Қаратөбе-Қарақамыс» автожолында жергілікті атқарушы органдармен су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде су ағынын ескі арнадан және құятын жол төсемінен өткізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Қаратөбе ауданының әкімдігі облыс басшылығымен келісім бойынша 2024 жылдың жазында су ағынын ескі арнадан және құятын жол төсемінен өткізу туралы шешім қабылдады. Аталған іс-шара арнадағы суды алдын ала өткізу мақсатында өткізіледі. Көлік қозғалысы тоқтатылмаған, жол жүру жүзеге асырылуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. ЖАО күштері кезекшілікті ұйымдастырды. Аталған іс-шара ТЖМ бақылауында, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.