БҚО-да студенттер курстастарынан ақша бопсалап келген

30 Қараша 2024, 17:31 412

Батыс Қазақстанда курстастарынан ақша боспалады деген күдікпен студенттер тобы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері колледждің төрт студентін бопсалау күдігімен ұстады. Тергеу барысында күдіктілердің өз курстастарынан қорқытып ақша талап еткені анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: