Қазақстандық шекарашылар Ресей аумағына заңсыз өтпек болған шетелдіктерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, 4 тамызда БҚО-да белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей аумағына қарай Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматы ұсталды.
Оқи отырыңыз:
Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан, - делінген мәліметте.
Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.