БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды

Кеше, 23:05 346

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері көлігімен ер адамды қағып мерт қылды. Оқиға Меловые горки ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлікті тізгіндеген жүргізуші Ақжайық аудандық ПБ көші-қон қызметінің қызметкері болып шықты.

Облыстық ПД жол-көлік оқиғасын растады және көлікті тізгіндеген полицей ішкі істер органынан шығарылғанын атап өтті. Медициналық куәландыру нәтижесінде тәртіп сақшысы ішімдік ішпегені анықталған.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қызметтік тексеру жүргізілуде,-делінген полиция мәліметінде.

Алдын ала мәліметтер бойынша жол апаты жарықтандырылмаған жолда болған және жүргізуші қарсы келе жатқан көліктің шамдарына шағылысып қалған.

Асқар Таудай
Бөлісу: