БҚО-да мемлекетке 231 млн теңге соммасында жер телімдері қайтарылды

3 Ақпан, 11:53 891

Батыс Қазақстар облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы жер заңдылығының сақталуы бойынша жүргізілген талдау қорытындысы негізінде шаруа қожалықтары жер телімдерін мақсатына сәйкес пайдаланбайтынын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратурмен жергілікті атқарушы органға ұсыну енгізілді.

Қадағалау актісі негізінде мемлекетке 231 миллион теңге соммасында жалпы көлемі 12 234 га 22 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылды.

Болашақта жер телімдері тиімді пайдалану үшін мұқтаж тұлғаларға табысталатын болады.

Жансая Әділбек
Бөлісу: