БҚО-да Мәскеуге жол тартқан жүк көлігі аударылып кетті

Кеше, 00:24 416

Батыс Қазақстан облысында Мәскеуге жол тартқан жүк көлігі жолдан шығып, аударылып кетті. Оқиға «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 357 шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жол апатына түскен жүк көлігін Қаратөбе ауылынан Орал қаласына бара жатқан кезде Қазақстан ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері байқап қалған. Олар дереу көмекке келген. Әскерилер көліктегі тауарды түсіріп, дөңгелектерін қойып, көлікті жолға сүйреп шығарды. Жүргізуші құтқарушыларға алғысын білдірді.

Белгілі болғандай, жүргізуші  Қырғызстан Республикасынан Ресей астанасына бара жатқан екен.  

Асқар Таудай
Бөлісу: