«Терра Ақжайық» ЖШС Батыс Қазақстан облысында бір мезгілде қуаттылығы 15 000 бас ірі қара мал бордақылау алаңын іске қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылдың қаңтарында Австралияның сарапшылары кешенге келді, олардың сараптамалық ұсыныстары негізінде шаруашылықта кешенді қалпына келтіру және 15 мың басқа кеңейту жұмыстары жүргізілді.
Қараша айынан бастап кешенде шаруашылықтардан бұқашықтарды қабылдау басталды.
Жаңа нысанның ашылуы мал шаруашылығын дамытуға және өңірде жұмыс орындарын құруға ықпал ететін болады.
Алдағы жылдары инвестор ет өңдеу кешенін іске қосуды жоспарлап отыр.