БҚО-да екі кент тұрғындары эвакуацияланды

5 Сәуір, 11:23 678

БҚО-да су тасқыны қаупіне байланысты екі ауыл тұрғындары көшірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Қарашығанақ, Димитров кенттерінің тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді.

Эвакуациялау жұмыстарына БҚО ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері және құралдары қатысты. Жерсуат елді мекеніне, мектеп жанындағы интернатқа 25 адам көшірілді, оның ішінде бір бала бар, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: