БҚО-да боранды күні ер адам мен жасөспірім адасып кеткен

21 Қаңтар, 22:41 884

Батыс Қазақстан облысында боранды күні адасып кеткен ер адам мен жасөспірімге патрульдік полиция қызметкері көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылғы 20 қаңтарда Орал - Тасқала тас жолымен БҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызмет аға инспекторы Омар Габбасов жолдың жабық учаскесінде қалған автомашиналар колоннасын ілестіріп келе жатқан.

Біраз уақыттан кейін ол жолдың шетінде тұрып, көмек сұраған екі адамды байқады.

Инспектор алып жүріп келе жатқан көлік ағынына қарамастан, тоқтап көмек көрсетеді. 30 жастағы ер адаммен оның 15-16 жастағы інісі далаға мал іздеп шығып, адасып кеткені белгілі болды. Олар жолға қарай шығады, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты, бұл тасжолда қозғалыс шектеулі болғандықтан олар жол жиегінде ұзақ тұрған. Ер адамдар қатты тоңып қалған.

Патрульдік көлікке отырған соң жылынып, полиция қызметкері оларды тұрғылықты жеріне - Тасқала ауылына жеткізген.

Перизат Саденова
Бөлісу: