Қайғылы оқиға 15 маусым күні сағат 09:00 уақыт шамасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жымпиты-Қаратөбе автожолының 75-шақырымында «Лада-2114» маркалы автокөлігін тізгіндеген 40 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай аударылған. ҚР ІІМ мәліметінше, ол мас болған.
Жол апаты салдарынан 2016 жылы туған қыз бала Сырым ауданының орталық ауруханасына жеткізіліп, ауруханада көз жұмды. Жүргізуші дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілді, - деп атап өтті БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Олжас Ибрайымов.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.