БҚО-да 500 адам эвакуацияланды

29 Наурыз, 05:15 586

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта су тасқынына қарсы жұмыстарға ТЖД, ЖАО 953 адамы, 411 техникасы жұмылдырылды.

Облыс бойынша 351 мың текше метр еріген қар суы сорылып, 21440 дана инертті материалдары бап қаптар төселді.

Барлығы 455 тұрғын үй, 5 көпқабатты тұрғын үйдің жертөле үй-жайлары, 17 әлеуметтік нысан су астында қалды.

Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағы Қаратөбе ауданында құтқару жұмыстарына жұмылдырылды. Қазіргі уақытта Қоржын ауылындағы ауылдық мектепке 350 адам эвакуацияланды. Ақсу кентінде 46 үйден 150 адам эвакуацияланды.

Зарина Арман
Бөлісу: