БҚО-да 26 жастағы құтқарушыны мас тұрғын пышақтаған

1 Сәуір, 08:24 817

Оқиға Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды.

Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Перизат Саденова
Бөлісу: