БҚО-да 23 мыңнан астам адам үйлеріне оралды

22 Сәуір, 11:06 535

ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп БҚО-да су тасқынына байланысты азаматтарды құлақтандыру және телерадио хабарландыру әр төрт сағат сайын жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өңірлерден ТЖМ қосымша құралдары мен күштері тартылуда. Келген күштер мен құралдар учаскелерге бөлініп, жұмысқа кірісті. Өткен тәулікте Орал қаласында Стеновик бау-бақшасы қоғамында 4 адам құтқарылды, 61 адам эвакуацияланды. Қалған тұрғындар бұған дейін алдын ала көшірілген болатын. 1497 адам уақытша орналастыру пунктінде, қалған тұрғындар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Саяжай үйлерінде қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру мақсатында аралау жүргізілуде, - деді спикер ОҚК-де өткен брифингте.

Оның мәліметінше, осы сағатта 23 085 адам өз үйлеріне оралды. 8872 адам, оның ішінде 3852 бала эвакуациялау пункттерінде орналасқан. 4554 тұрғын үй, 2767 үйдің аула аумағында судың бағыты бұрылды, су сорылды. 11,4 млн аса текше метр еріген қар суы сорылды, 5,3 млн қапшық және 1,4 млн астам инертті материал төселді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: