БҚО-да 150-ге жуық елді мекенді су басу қаупі бар

15 Ақпан, 09:21 1356

Батыс Қазақстан облысында су басу қаупі бар 147 елді мекен, 49 авто және теміржол учаскелері бақылауға алынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

БҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Қанат Қарабалаевтың елді мекендерден 400 мың текше метр қар шығарылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, олардың барлығына жауапты адамдар бекітіліп, қажетті техника, құралдар, қапшықтар әзірленді.

Жалпы жағдай ерекше бақылауда және су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, - деді Қ.Қарабалаев.

Барлығы 1 050 техника, 88 жүзу құралы, 12 аспалы мотор, 329 мотопомпа және 4 043 жеке құрам дайындыққа келтірілді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: