БҚО әкімінің бірінші орынбасары жемқорлық бойынша күдікке ілінді

8 Тамыз 2023, 09:22 1129

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.

Антикордың мәліметінше, заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді.

Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады. Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды, - делінген мәліметте. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: