БҚО әкімі Нариман Төреғалиев АЭС бойынша референдумда дауыс берді

6 Қазан, 12:53 372

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы Ақпараттық технологиялар колледжіндегі учаскеде дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дауыс бергеннен соң облыс әкімі БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Бүгін мемлекетіміз үшін маңызды күн. Жалпыұлттық референдум өтуде. Мен де дауыс беру учаскесіне келіп, азаматтық борышымды өтедім. Еліміздің әр тұрғыны бүгін дауыс беру учаскелеріне келіп, еркін түрде өз таңдауын жасай алады. Батыс Қазақстан облысы тұрғындары бүгін өздерінің азаматтық белсенді позицияларын көрсетеді деген сенімдемін, - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Айта кетейік, бүгінгі референдумда Батыс Қазақстан облысында 510 референдум комиссиясы, оның ішінде 14 аумақтық референдум комиссиясы 496 учаскелік комиссия жұмыс жасауда.

Қазіргі мәліметтерге сәйкес, облыс тұрғындары белсенділік танытуда. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы, Ақсуат ауылының тұрғындары 1 сағат ішінде дауыс беруді аяқтаған. Аталған ауылдың 180 тұрғыны бар. Олардың 90-ы дауыс беру құқына ие. Жексенбі күні ауылдағы ағайынның бірі қалмай сайлау учаскесінен табылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: