«Жомарт» кенішіндегі апатқа қатысты тергеу жұмыстары тиянақты әрі жедел жүргізілуі тиіс. Апат аумағына барған премьер-министрдің орынбасары, Үкіметтік комиссияның төрағасы Қанат Бозымбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түске дейін вице-премьер Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия келіп, жағдайды бағамдап, құтқарушылармен тілдесті.
Жалпы кеніште 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Дәл апат болған сәтте нақты қанша кеншінің жер астында жұмыс істегені белгісіз әзір. Қаза болған 7 адамның аты-жөндері нақтыланды, қазір мамандар сот сараптамасына кірісті.