Бойжеткен жігітіне үйлену туралы ұсыныс жасады

9 Қаңтар, 18:31 2606

Әлеуметтік желіде сүйіктісіне отбасын құру туралы ұсыныс жасаған қыз баланың әрекеті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде бойжеткен бес ай жүрген жігітіне шаңырақ құру туралы ұсынысты тосынсый етіп жеткізгенінің видеосы тарады. Видеодан достарының бірі жігіттің көзін байлап алып келіп, қатарластарының ортасында тұрған бойжеткен тізерлеп отырып сүйіктісіне сақина ұсынғанын көруге болады. Ал жігіт келісімін берді.

@timur_no_ne_tokaev #махаббатқызықмолжылдар ♬ Amalym qansha ALIKHAN - ALIKHAN

Бұған қатысты желі қолданушыларының пікірі әртүрлі. Бірі қыз баланың батылдығын бағаласа, екінші тарап мұның ерсі екенін жазып жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: