Ботақарадағы жарылыс: Қаза тапқан екі адам полицейдің ата-анасы

30 Қаңтар, 20:02 1039

Қарағанды облысы Ботақара кентіндегі тұрғын үйдегі жарылыстан екі адам қаза болды. Олар Бұқар Жырау аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Дәурен Тұрсынбековтің ата-анасы екені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшысының ата-анасының мезгілсіз қазасына байланысты облыстық Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрам қайғыра көңіл айтты.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі Бұқар Жырау аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Дәурен Төлегенұлы Тұрсынбековке ата-анасы Төлеген Тұрсынбекұлы мен Алма Омаровнаның мезгілсіз қайтыс болуына орай қайғысына ортақтасып, көңіл айтады деп жазылған ведомствоның желі парақшасында.

Еске салсақ, 30 қаңтар сағат 00.07-де он екі пәтерлі тұрғын үйдің екіші қабатындағы пәтерінде газ баллоны жарылған болатын. Оқиға орнына жеткен төтеншеліктер үйінді астынан тұрғындарды шығарып, екі адам қаза тапты.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: